Экономика Қараусыз жатқан жерлерді мемлекет есебіне қайтару мәселесі қаралды Редактор 17.06.2023 17624 Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының әкімі Нұржан Ізтілеуов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдауын өткізді. Қабылдауда болған азаматтар тарапынан көтерілген жайылымдық жерлердің жетіспеуі, қараусыз жатқан жерлерді мемлекет есебіне қайтару, ауыз су қысымының жетіспеуі сынды мәселелер бойынша аудан басшысы қолданыстағы заңдарға сәйкес нақты жауап беріп, тұрғындар өтініштерін қанағаттандыру мақсатында тиісті бөлім басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Қабылдау барысында кәсіпкерлікті дамыту Ұлттық жобасы аясында “мемлекеттік грантқа” қол жеткізе алмаған тұрғындар аудан әкімінің көмегіне жүгінді. Аудан басшысы Нұржан Жақсылықұлы наразы болған тұрғындарды сабырға шақырып, барлық өтініштер заң талаптарына сәйкес атқарылатынын жеткізді. Сонымен қатар, комиссия төрағасына гранттың не себепті берілмегенін анықтап, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді және халықтың сұрауы бойынша комиссия құрамын қайта қарап, өзгертулер енгізуді тапсырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 12848 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 10172 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 13980