Экономика ШЫМКЕНТТЕ КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ГРАНТТЫҢ КӨМЕГІМЕН БИЕ САУЫП, ҚЫМЫЗ САТУДЫ КӘСІП ЕТТІ Редактор 14.09.2023 26088 1 оқу мин Шымкент қаласының тұрғыны Құдайберген Иманалиев спорт жаттықтырушысы болған. Алайда, жылқы малына деген қызығушылығы басым түсіп, 7 баланың әкесі былтыр мемлекеттен алған қайтарымсыз грант қаражатына екі бие сатып алады. Көпбалалы отбасы содан бері бие сауып, қымыз сатуды кәсіпке айналдырған. Бүгінде қорасында мал басы да артқан. -Жылқы малы – төрт түліктің төресі. Ұл-қыздарымның несібесі болса керек, кәсібім тұрақты табыс әкелуде. Бие сүті көрші-қолаңнан да артылмай жатыр. Қымызын қаладағы ұлттық тағам әзірлейтін мейрамханалар сатып алады. Ұлым тіпті мал дәрігерлігіне оқуға түсті. Бұйырса алдағы уақытта мал басын көбейтіп, кәсіпті кеңейтпек ойымыз бар, — дейді Құдайберген Иманалиев. Жалпы, Шымкентте былтыр 1195 азамат 400 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде мемлекеттік грант иегері атанған болатын. Биыл әлеуметтік осал топты азаматтарға арналған грантты жалпы саны 447 адамға беру жоспарланған. Жыл басынан бері өткізілген бірінші және екінші лектің нәтижесінде 228 азамат оң қорытынды алды. 2023 жылдың 11 қыркүйегінен бастап III-лек бойынша өтінім қабылдау басталды. Қазірдің өзінде 300-ден астам азаматтан өтінім түскен. Үміткерлердің бизнес-жоспарларын әлеуметтік әлеуетіне қарай тәуелсіз комиссия құрамы іріктейді. Комиссия мүшелері қоғам белсенділері, БАҚ өкілдері, кәсіпкерлер мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінен құралған. Өтінімдер «Business.enbek.kz» порталында электрондық цифрлық қолтаңба арқылы онлайн режимінде 11-22 қыркүйек күндері аралығында қабылданады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА ЖАУЫН-ШАШЫНДЫ ЖАСАНДЫ ТҮРДЕ КӨБЕЙТУ ЖОБАСЫНЫҢ САЛТАНАТТЫ ІСКЕ ҚОСУ РӘСІМІ ӨТТІ 17.05.2026 13240 ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ ІРІ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ҚАРҚЫНДЫ ЖҮРІП ЖАТЫР 08.05.2026 10390 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА 50 МЫҢ БАСҚА АРНАЛҒАН АУҚЫМДЫ ФЕРМА САЛЫНУДА 23.04.2026 14323