Әлеумет Сайыс сабақ өтті Редактор 12.10.2023 16599 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында 9-сыныптар бойынша қорытынды аттестаттау және ББЖМ-ге дайындық жиыны болып өтті. Ауданға қарасты №10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Тұргынбаевтың басшылығымен 9-сынып пән мұғалімдерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста А.Тұргынбаев «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы, «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығын түсіндірді. Жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З. Бектибаева «BilimKlass» платформасын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 9-13 қазан аралығында өтіп жатқан «Жарқын болашақ иесі — бүгінгі жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Семен Аружан 6 «Ә» сынып оқушыларымен сайыс сабақ өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды және 4 дағдыны қамти отырып, қызықты да тартысты өтті. Сайыскерлер ағылшын тілінде сөйлеу, аударма жасау, ойындарға қатысу және түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдері мен дағдыларын танытты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Жетісу облысына іс-сапар жасады 06.05.2025 10740 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 1 оқу мин Әлеумет 14-18 апреля т. г. при поддержке Министерства культуры и информации Республики Казахстан, Комитета по делам религий члены республиканского информационно-разъяснительной группы совершили выезд в город Алматы. 05.05.2025 12376 Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 1 оқу мин Әлеумет Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министрлігі, Дін істері комитетінің қолдауымен а.ж. 14-18 сәуір күндері Республикалық ақпараттық түсіндіру тобы мүшелері Алматы қаласына іс-сапар жасады. 05.05.2025 14922