Әлеумет Сайыс сабақ өтті Редактор 12.10.2023 17809 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданында 9-сыныптар бойынша қорытынды аттестаттау және ББЖМ-ге дайындық жиыны болып өтті. Ауданға қарасты №10 «Қайнар» мектеп-гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде директордың бейіндік оқыту жөніндегі орынбасары А.Тұргынбаевтың басшылығымен 9-сынып пән мұғалімдерімен жиналыс өткізілді. Жиналыста А.Тұргынбаев «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 Бұйрығы, «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығын түсіндірді. Жиын барысында директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары З. Бектибаева «BilimKlass» платформасын тиімді пайдалану жолдарын айтты. Бұдан бөлек, Жетісай ауданының білім бөлімінің «Ә.Молдағұлова атындағы №34 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2023 жылдың 9-13 қазан аралығында өтіп жатқан «Жарқын болашақ иесі — бүгінгі жас маман» тақырыбындағы жас мамандар апталығы аясында ағылшын тілі пәні мұғалімі Семен Аружан 6 «Ә» сынып оқушыларымен сайыс сабақ өтті. Сайыс 4 кезеңнен тұрды және 4 дағдыны қамти отырып, қызықты да тартысты өтті. Сайыскерлер ағылшын тілінде сөйлеу, аударма жасау, ойындарға қатысу және түрлі тапсырмалар орындау арқылы өз білімдері мен дағдыларын танытты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 1 оқу мин Әлеумет Түркістан облысының полицейлері күдіктіні мефедронмен ұстады 12.06.2025 12545 Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 1 оқу мин Әлеумет Алматыдан Шымкентке есірткі жолдап отырған 06.06.2025 9890 Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте 15 жастағы қыз саябақта ішімдік ішіп отырғанда ұсталды 22.05.2025 49146