Әлеумет Оқушылар арасында пікірсайыс өтті Редактор 13.10.2023 9468 1 оқу мин Түркістан облысы Арыс қаласының Білім бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «№8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы науқанға сәйкес 11.10.2023 Тарих пән мұғалімдері О. А Садырмеков және Е. Чередниченко мектеп оқушылары арасында «Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық» тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырып өткізді. Мұндай шараларды оқушылар арасында жиі өткізудің пайдасы көп дейді мұғалімдер. Пікісайыс барысында оқушылар өз ойын ашық айтуға үйренеді. Көшбасшылық қасиеттері де дамиды. Пікірсайысқа Арыс қаласы білім бөлімінің заңгері Зияхан Асылхан, мектеп директоры Ж.Г.Кайбалдиева, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары М.И Ксандопуло, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары В.В Алтухов қатысты. Мақсаты- Оқушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамасының негізгі мақсат міндеттерімен таныстырып, құқықтық сауаттылығын арттыру, ұйымшылдық пен тәртіптіліктің тиімді жолдарын таба білуге баулу, патриоттық тәрбиеге баулу. Бұдан кейін осы мектепте тағы да “№8 В.Комаров атындағы жалпы білім беретін мектебі” коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 11.10.2023 ж «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен (2015 жылғы 18 қарашадағы № 410 — V) таныстыру жиналысы өтті. Мектеп директоры Ж.Г.Кайбалдиева жиынның күн тәртібін жариялап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мемлекетіміздің ішкі саясатындағы маңызды мәселелердің бірі екендігін мектеп қызметкерлеріне жеткізді. Бұл жиналыстың мақсаты – Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңымен танысу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша қоғам мен мемлекеттің құқықтық органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімді әдістерін әзірлеу. Өз сөзінде Ж.Г. Кайбалдиева сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі талаптарын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі іс-шаралардағы жергілікті өзін-өзі басқару органдарының ерекше рөлін қысқаша сипаттайтынын атап өтті. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы күрес саласындағы негізгі нормативтік құқықтық акт «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 8 қарашадағы N 400 — V заңы). Бұдан кейін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары М.И.Ксандопуло заңның нормаларын оқып, түсіндірме жұмысын өткізді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 1 оқу мин Әлеумет Проект «Еңбек-еңсе көтереді» завершён 18.11.2024 29698 «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 1 оқу мин Әлеумет «Еңбек-еңсе көтереді» жобасы өз мәресіне жетті 18.11.2024 27760 «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 1 оқу мин Әлеумет «CyberPol» тобы интернет-алаяқтық бойынша 454 істі анықтады 15.11.2024 44407