Ұлтымыздың ұлы перзенттерін ұлықтау шаралары әр ауданда өткізілуде. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Ордабасы аудандық орталық кітапханасы ақын, қоғам қайраткері, педагог Спандияр Көбеевтың туғанына 145 жыл толуына орай ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру масатында арнайы шара өткізді. Негізгі мақсаты – оқу мәдениетін насихаттау, оқырманның ой өрісін, тілін дамыту, мәтінді саналы, түсініп дұрыс оқуға машықтандыру болып табылады. Адамгершілікке тәрбиелеу мақсатында «Педагог –жазушы» атты ауызша журнал өтті. Бұдан бөлек, Сауран ауданында 13 қазан күні 7 сынып оқушылары арасында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп кітапханасында ХХ ғасырдағы қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, Қазақ КСР еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдардағы жаңа мектептердің ұйымдастырушысы – Спандияр Көбеевтің өмірі мен шығармашылығына арналған іс шара өтті. Биыл оның туғанына 145 жыл толуын атап өтілуде. Шараны өткізудегі негізгі мақсаты — ұлы жазушы, қоғам қайраткерінің өмір жолы, ойлы еңбектері мен халыққа қалдырған асыл мұрасымен танысу, тәрбиелік мәнісін ұғыну. Оқушылар арнайы дайындалған слайд арқылы жазушының өмірімен танысып, ақпарат алды. Жазушы еңбектерімен танысып, ондағы тәрбиелік мәні бар маңызды дүниелерді түртіп алуға тырысты. Жұмыс барысында оқушылар мозайка , синквейндер құрастырып, оларды қызықтыратын тақырыптар бойынша «Сәтті қадам» әдісі бойынша сұрақтар қойды. « Алма себеті» әдісі бойынша жазушының « Орындалған арман» мемуарлық шығармасы бойынша пікір талас болып , оқушылар өз армандары жайлы сөз етіп себетке алманы жинады .Мектеп кітапханашылары мен кәсіптік бағдар беруші Ә. Жұмадулаева ұйымдастырған іс шара танымдық және қызықты өтті.