Түркістан облысына қарасты Созақ ауданындағы мектептерінде «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері» атты кең ауқымды шаралар ұйымдастыруда. Жаман әдеттерден аулақ болу, жақсыдан үйреніп, жаманнан жирену мектеп қабырғасында іргетасы қаланады. Сондықтан да жаман әдеттерден аулақ болуға үндейтін түрлі алдын алу іс шаралары ұйымдастыруда.
Жуырда аудандағы Асқар Сүлейменов атындағы жалпы орта мектебінде аудандық аурухананың нарколог дәрігерлердің ұйымдастырумен 8- сынып оқушыларына «Нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің әлеуметтік мәселелері» тақырыбында сынып сағаты өтті. Аталмыш шараны өткізудег мақсат — нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегудің адам өміріне аса қауіптілігін ұғындыра отырып, алдын алу, саналы да салауатты өмір сүруге тәрбиелеу болып табылады. Оқушыларға жаман әдеттердің қауіпті ауруларға соқтырар зардаптары туралы кеңінен әңгімеленді. Толығырақ мағлұмат берілді.
Бұдан кейін, ауданда,ы А. Байтұрсынов атындағы мектебінің 9-сынып оқушыларымен аудандық аурухана нарколог дәрігері — Ш.Абаева және мейіргері Ж.Байдуллаева дөңгелек үстел өткізді.
Нашақорлық ресми түрде есірткілердің қатарына жатқызылатын заттардан туындайтын дерттің түрі. Нашақорлық- ғасыр дерті туралы оқушыларға көптеген мәліметтер айтылды. Сондай-ақ оқушыларға есірткі қолданудың салдарын түсінуге үйретілді, темекі шегушілерге никотинге тәуелділікпен күресуге көмектесті, ал маскүнемдерге мамандардың кеңестері ұсынылып, зиянды әдеттен арылуға қолдау көрсетілді. Сонымен қатар оқушыларға салауатты өмір салты бойынша практикалық дағдылар берілді – спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтану, психологиялық қолдау және тағы басқалары. Негізгі идея — тәуелділік пен проблемаларға түсу мүмкіндігін болдырмау үшін денсаулық пен рухани құндылықтарды насихаттау болып табылады. Салауатты өмір салты — бұл жаман әдеттердің болмауы ғана емес, сонымен қатар өзіңізді және қоршаған ортаңызды жақсартуға, өзіңізге және денсаулығыңызға қамқорлық жасауға белсенді ұмтылу екенін есте ұстаған жөн.
Бұдан кейін, аудандағы медицина қызметкерлері «Нашақорлық – қауіпті індет, алдын алу — міндет» ұранымен Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі оқушыларына сынып сағаттарын жүргізді. Аталған шараны өткізудегі мақсат — оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға үйрету, ғасыр дерті болып саналатын зиянды әдеттер – темекі шегу, есірткі заттарды пайдаланудан аулақ болуға шақыру болып табылады. Бұдан соң, Аудандық аурухананың нарколог дәрігері Ш.Абаева және мейіргері Ж.Байдуллаева Әлия Молдағұлова атындағы мектеп оқушылары арасында «Есірткі, нашақорлық, маскүнемдік, темекі шегу, шылымқорлық және құмар ойындардың дертіне шалдығудың әлеуметтік қауіптілігі, оларды емдеу мен алдын алу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар-кеңес барысында мамандар оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, іс-шара соңында бейнеролик көрсетілді. Аталған бейнероликте құрдымына тартқан қауіпті әдеттердің қаншалықты зиянды екендігі толық баяндалған.