Әлеумет Бірнеше рет алаяқтық жасау фактісі бойынша іс сотқа жіберілді Редактор 24.07.2022 10274 1 оқу мин Түркістан қаласының прокуратурасы бірнеше рет алаяқтық жасады деген айыппен қала тұрғыны 1987ж.т. Г.Ералиеваға қатысты қылмыстық істі сотқа жіберді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында ол өзінің әлеуметтік жәрдемақы шығарып беруге құзіреті мен мүмкіндігі жоқ екенін біле тұра, көпбалалы аналарға мемлекеттік жәрдемақы алып бере алатынын айтып алдау арқылы 4 жәбірленуші әйелдің ақшалай қаражаттарын жымқырғаны анықталды. Тергеу нәтижесімен қалалық полиция басқармасы Ералиеваның жоғарыда аталған қылмысты жасағанын дәлелдейтін жеткілікті айғақтар жинақтап, прокурордың келісуімен оның іс-әрекетін Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігінің 4-тармағымен (үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) саралаған. Жәбірленушілерге келтірілген залал тергеу барысында толық өтелді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6036 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6887 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6522