Әлеумет ТҮРКІСТАН БОКСШЫЛАРЫ «ELORDA CUP» ТУРНИРІНЕН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ Редактор 03.07.2023 7049 1 оқу мин Астанада бокстан «Еlorda cup» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі сында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты спортшылары өңір намысын жоғары дәрежеде қорғады. Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы түркістандық Сәкен Бибосынов 51 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. 86 келі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков те жеңістің шыңынан көрінді. Болашағынан мол күттірген облысымыздың дарынды боксшысы Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені жеңіп алды. Рингке жасындай жарқылдаған 67 келідегі салмақ дәрежесінде Темірхан Тезек қола жүлдегер атанды. Жетістікті жоғары бағалаған Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов жеңімпаз және жүлдегер боксшыларға алғыс білдірді. Енді қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында кезекті Азия ойындары өтеді. Сары құрлық елдерінің ең мықты боксшылары бас қосатын додада олимпиаданың лицензиясы сарапқа салынады. Одан кейін келер жылы Париж олимпиада ойындары күтіп тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 1 оқу мин Әлеумет 200 мыңнан астам педагог жасанды интеллектіні қолдануға арналған тегін курстан өтті 11.09.2025 4868 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 1 оқу мин Әлеумет 2025 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттарының 449 иегерлері жарияланды 11.09.2025 3968 «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет «Кең баба» саябағы мемлекет меншігіне қайтарылды 11.09.2025 3204