Әлеумет ТҮРКІСТАН БОКСШЫЛАРЫ «ELORDA CUP» ТУРНИРІНЕН ҮШ АЛТЫН МЕДАЛЬМЕН ОРАЛДЫ Редактор 03.07.2023 12546 1 оқу мин Астанада бокстан «Еlorda cup» халықаралық турнирі өтті. Дүбірлі сында облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебінің талантты спортшылары өңір намысын жоғары дәрежеде қорғады. Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионы түркістандық Сәкен Бибосынов 51 келі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанып, алтын медаль иеленді. 86 келі салмақ дәрежесінде Абзал Құттыбеков те жеңістің шыңынан көрінді. Болашағынан мол күттірген облысымыздың дарынды боксшысы Сағындық Тоғамбай 92 келі салмақ дәрежесінде бас жүлдені жеңіп алды. Рингке жасындай жарқылдаған 67 келідегі салмақ дәрежесінде Темірхан Тезек қола жүлдегер атанды. Жетістікті жоғары бағалаған Түркістан облысының жоғары спорт шеберлігі мектебінің директоры Шынболат Райханов жеңімпаз және жүлдегер боксшыларға алғыс білдірді. Енді қыркүйек айында Қытайдың Ханчжоу қаласында кезекті Азия ойындары өтеді. Сары құрлық елдерінің ең мықты боксшылары бас қосатын додада олимпиаданың лицензиясы сарапқа салынады. Одан кейін келер жылы Париж олимпиада ойындары күтіп тұр. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 6403 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 7594 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 15131