Әлеумет Асардағы балалар ауруханасында сүндеттеу акциясы өтті Редактор 05.08.2023 26335 1 оқу мин Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер тегін сүндеттеу акциясын өткізді. Игі шара аясында көп балалы отбасыдан шыққан 100-ге жуық бала сүндеттелді. Акция аясында медициналық ұйымның білікті дәрігерлері балаларға хирругиялық көмек көрсетті. Бұл шарада көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары арнайы қамтылған. Себебі сүндетке отырғызу ата аналардың қалауы бойынша ақылы түрде жүргізіледі. Ал бүгінгі акция көп балалы отбасылар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. — Қайнар БЕКМҰРАТ, Шымкент қалалық балалар ауруханасының уролог-дәрігері «Сүндеттеуден өткізетін балаларды бір күн алдын кезекпен жазып алдық. Ата аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығын айтып бердік. Бірінші балаларды қабылдаудан өткізіп, кейін жансыздандыру әдісімен лазер арқылы сүндетке отырғыздық. Лазермен жасалған әдіс арқылы қан ақпайды, жараның орны тез жазылады. Біз мұндай акцияны жылда тұрақты түрде өткіземіз» Айта кетейік, акция бойынша бір күнде 100-ге жуық бала тегін сүндеттелді. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері әр жылдың тамыз айында осындай сауапты шараны өткізуді тұрақты дәстүрге айналдырған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 7747 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 7639 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 8525