Әлеумет Асардағы балалар ауруханасында сүндеттеу акциясы өтті Редактор 05.08.2023 25621 1 оқу мин Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасында дәрігерлер тегін сүндеттеу акциясын өткізді. Игі шара аясында көп балалы отбасыдан шыққан 100-ге жуық бала сүндеттелді. Акция аясында медициналық ұйымның білікті дәрігерлері балаларға хирругиялық көмек көрсетті. Бұл шарада көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балалары арнайы қамтылған. Себебі сүндетке отырғызу ата аналардың қалауы бойынша ақылы түрде жүргізіледі. Ал бүгінгі акция көп балалы отбасылар үшін үлкен мүмкіндік болып отыр. — Қайнар БЕКМҰРАТ, Шымкент қалалық балалар ауруханасының уролог-дәрігері «Сүндеттеуден өткізетін балаларды бір күн алдын кезекпен жазып алдық. Ата аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығын айтып бердік. Бірінші балаларды қабылдаудан өткізіп, кейін жансыздандыру әдісімен лазер арқылы сүндетке отырғыздық. Лазермен жасалған әдіс арқылы қан ақпайды, жараның орны тез жазылады. Біз мұндай акцияны жылда тұрақты түрде өткіземіз» Айта кетейік, акция бойынша бір күнде 100-ге жуық бала тегін сүндеттелді. Қалалық балалар клиникалық ауруханасының дәрігерлері әр жылдың тамыз айында осындай сауапты шараны өткізуді тұрақты дәстүрге айналдырған. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6340 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 6981 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592