Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА WORLD CLEANUP DAY ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ Редактор 18.09.2023 15639 1 оқу мин Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру. Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты. Жоспар бойынша сенбілікке қатысушылар өздеріне бекітілген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты. Айта кетейік, «World cleanup Day» — бұл бүкіләлемдік тазалық күніне арналған экологиялық акция. Аталған дүниежүзілік масштабта өтетін іс-шараға 180-нен астам мемлекет қатысады. Қазақстан Республикасы да 2018 жылдан бастап, жыл сайын белсенді түрде атсалысып келеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 8226 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 7854 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 8963