Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА WORLD CLEANUP DAY ДҮНИЕЖҮЗІЛІК АКЦИЯСЫ ӨТТІ Редактор 18.09.2023 13571 1 оқу мин Дүниежүзілік тазалық күніне орай Түркістан облысында «World Cleanup Day 2023» жыл сайынғы экологиялық акциясы ұйымдастырылды. Аталған акцияның мақсаты — қоршаған ортаны тазалай отырып, табиғатқа жанашырлық таныту және әр адам бойындағы экологиялық жауапкершілікті қалыптастыру. Сенбілікке облыс аумағындағы барлық аумақтық департаменттер мен басқармалар, аудан, қала әкімдіктері сондай-ақ, барлық бюджеттік мекемелер мен тұрғындар қатысты. Жалпы 13 мыңға жуық адам атсалысты. Жоспар бойынша сенбілікке қатысушылар өздеріне бекітілген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, қоқыстан тазартты. Айта кетейік, «World cleanup Day» — бұл бүкіләлемдік тазалық күніне арналған экологиялық акция. Аталған дүниежүзілік масштабта өтетін іс-шараға 180-нен астам мемлекет қатысады. Қазақстан Республикасы да 2018 жылдан бастап, жыл сайын белсенді түрде атсалысып келеді. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 1 оқу мин Әлеумет МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ОҚУҒА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ: ЖАҢА БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР КӨБЕЙДІ 09.04.2026 2406 Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 1 оқу мин Әлеумет Halyk қайырымдылық қоры қасиетті кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізуде 08.04.2026 3727 ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 1 оқу мин Әлеумет ШЫМКЕНТТЕ МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМА АЯСЫНДА 30 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ 02.04.2026 4993