Әлеумет Арнайы алғыс хаттар табыстады Редактор 05.10.2023 13742 1 оқу мин Түркістанда ұстаздар күні атап өтілді. Ұстаздық қызметте жүрген қала тұрғындарына құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова мен ардагер ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шара шаһар басшысының мерекелік жылы лебізімен басталды. – Бауыржан Момышұлы айтқан ұлы қызмет иелеріне қай уақытта құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі анамыздан кейінгі бойымызға сіңген білімнің кілті осы кісілердің қолында. Еңбек жолдарыңызда жарқын жетістіктер мен ұстаздық өмірлеріңізге сарқылмас өнеге көп бола берсін, – деді қала әкімі Шара барысында қала әкімі түркістандық ұстаздарға арнайы алғыс хаттарын табыстады. Содан соң оқушылар сарайының білім алушылары өз кезегінде мерекелік концерт ұсынды. Басқосу соңында қалалық білім бөлімінің басшысы ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 67 мектеп бар. Ондағы 52 720 оқушыға 5170 ұстаз білім береді. Биылғы оқу жылын түркістандық 4615 оқушы 1-сыныппен бастаса, 11-сыныпты 2631 түлек тәмамдағалы тұр. Күн өткен сайын тұрғындар саны көбейген шаһарда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектеп бой көтермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 8022 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 9305 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 9790