Әлеумет Арнайы алғыс хаттар табыстады Редактор 05.10.2023 14256 1 оқу мин Түркістанда ұстаздар күні атап өтілді. Ұстаздық қызметте жүрген қала тұрғындарына құрмет көрсетіліп, арнайы мерекелік шара ұйымдастырылды. Оқушылар сарайында өткен жиынға қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков, қалалық мәслихат төрағасы Ғаппар Сәрсенбаев, қалалық білім бөлімінің басшысы Оразкүл Қолдасова мен ардагер ұстаз Жарқынбек Құлбайымбетов қатысты. Мерекелік шара шаһар басшысының мерекелік жылы лебізімен басталды. – Бауыржан Момышұлы айтқан ұлы қызмет иелеріне қай уақытта құрмет көрсетсек те жарасады. Себебі анамыздан кейінгі бойымызға сіңген білімнің кілті осы кісілердің қолында. Еңбек жолдарыңызда жарқын жетістіктер мен ұстаздық өмірлеріңізге сарқылмас өнеге көп бола берсін, – деді қала әкімі Шара барысында қала әкімі түркістандық ұстаздарға арнайы алғыс хаттарын табыстады. Содан соң оқушылар сарайының білім алушылары өз кезегінде мерекелік концерт ұсынды. Басқосу соңында қалалық білім бөлімінің басшысы ұстаздарды алғыс хаттармен марапаттады. Айта кетейік, жалпы облыс орталығында 67 мектеп бар. Ондағы 52 720 оқушыға 5170 ұстаз білім береді. Биылғы оқу жылын түркістандық 4615 оқушы 1-сыныппен бастаса, 11-сыныпты 2631 түлек тәмамдағалы тұр. Күн өткен сайын тұрғындар саны көбейген шаһарда «Жайлы мектеп» жобасы аясында 9 мектеп бой көтермек. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 4098 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 4283 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 6898