Әлеумет Ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді Редактор 05.10.2023 14521 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданында білім алған “Болашақ” бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов өзі білім алған №28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Туабітті жүрек ақауы бар сəбилердің жүрегіне бір өзі 400-ден астам ашық операция жасаған ең жас балалар кардиохирургі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді: — Кішкентай ғана сәбилердің жүрек дейтін ең бір нәзік ағзасына ота жасаған сайын есіме ұстаздар түседі. Біз бір отада бір ғана баланың жүрегін көреміз, ал ұстаздар бір сабақта неше баланың жүрегіне жол табады? Менің де жүрегімнен орын алған ұстаздар бар…Мен халық тығыз орналасқан өңірде өстім. Ауылдағы жалғыз мектеп еді. Менің медицина саласына келуіме де ұстаздарымның еңбегі сіңді деп сеніммен айта аламын,- деді Беркін Көшербайұлы. Айта кету керек, Беркін Көшербайұлы туабітті жүрек ақауымен туған сəбилерге ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір килограмға толмай шала туған сəбилердің жүрегіне ашық операция жасайды. Ресей, Италия, Корея, Швейцариядан келген əріптестерімен бірге сырқаттарға ота жасаған. Келестіктер осылайша “Ұстазыма мың алғыс” челленджіне белсенді түрде қатысуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 6003 Жалған нөмір жарға жықты… 1 оқу мин Әлеумет Жалған нөмір жарға жықты… 08.09.2026 5306 Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды Әлеумет Миллион теңгенің алтын бұйымдарын ұрлаған күдікті ұсталды 01.09.2026 8623