Әлеумет Ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді Редактор 05.10.2023 15268 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданында білім алған “Болашақ” бағдарламасының түлегі Беркін Тұрқұлов өзі білім алған №28 “Мақташы” жалпы орта мектебінің ұстаздарын төл мерекесімен құттықтады. Туабітті жүрек ақауы бар сəбилердің жүрегіне бір өзі 400-ден астам ашық операция жасаған ең жас балалар кардиохирургі әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында ұстаздарға деген ерекше ықыласын білдірді: — Кішкентай ғана сәбилердің жүрек дейтін ең бір нәзік ағзасына ота жасаған сайын есіме ұстаздар түседі. Біз бір отада бір ғана баланың жүрегін көреміз, ал ұстаздар бір сабақта неше баланың жүрегіне жол табады? Менің де жүрегімнен орын алған ұстаздар бар…Мен халық тығыз орналасқан өңірде өстім. Ауылдағы жалғыз мектеп еді. Менің медицина саласына келуіме де ұстаздарымның еңбегі сіңді деп сеніммен айта аламын,- деді Беркін Көшербайұлы. Айта кету керек, Беркін Көшербайұлы туабітті жүрек ақауымен туған сəбилерге ота жасайтын ең жас балалар кардиохирургі. Салмағы бір килограмға толмай шала туған сəбилердің жүрегіне ашық операция жасайды. Ресей, Италия, Корея, Швейцариядан келген əріптестерімен бірге сырқаттарға ота жасаған. Келестіктер осылайша “Ұстазыма мың алғыс” челленджіне белсенді түрде қатысуда. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 6766 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 7830 Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 15446