Әлеумет Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды Редактор 07.10.2023 23305 1 оқу мин Бүгінде оқырмандардың кітап оқуға ынтасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Фараб кітапханасына «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында әдеби-мәдени бағдарламасымен Түркістан облысына қарасты Отырар ауданынан кітап керуені келді. Отырарлық кітапханашылар тақырыптық және өлкетану бағытында көрме жасақтап, Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды. Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмақанов, ҚР Білім беру саласының үздігі Айғаным Серім , ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасы директорының орынбасары Рысбек Летаев ашып берді. Отырар аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Айнагүл Смайылқызы кітапхана қорына 280 кітап және шағатай тіліндегі сирек кітапты сыйға тартты. Екінші бөлігінде жас айтыскер, ақын Базарбек Бекжанмен кездесу ұйымдастырылды. Жыр мүшәйраларының жеңімпазы, халықаралық және республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген кейіпкер өзінің өнер жолы жайлы әңгімеледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 7281 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 7299 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 8226