Әлеумет Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды Редактор 07.10.2023 20766 1 оқу мин Бүгінде оқырмандардың кітап оқуға ынтасын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Фараб кітапханасына «Кітап Travel – 2023» акциясы аясында әдеби-мәдени бағдарламасымен Түркістан облысына қарасты Отырар ауданынан кітап керуені келді. Отырарлық кітапханашылар тақырыптық және өлкетану бағытында көрме жасақтап, Отырардың терең тарихы жайлы кітаптарды келушілерге ұсынды. Іс-шараны Отырар ауданы әкімінің орынбасары Айдос Құлмақанов, ҚР Білім беру саласының үздігі Айғаным Серім , ҚР Мәдениет қайраткері Ұлжан Мұстафаева, «Фараб» кітапханасы директорының орынбасары Рысбек Летаев ашып берді. Отырар аудандық кітапханалар жүйесінің директоры Айнагүл Смайылқызы кітапхана қорына 280 кітап және шағатай тіліндегі сирек кітапты сыйға тартты. Екінші бөлігінде жас айтыскер, ақын Базарбек Бекжанмен кездесу ұйымдастырылды. Жыр мүшәйраларының жеңімпазы, халықаралық және республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындар иеленіп жүрген кейіпкер өзінің өнер жолы жайлы әңгімеледі. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 1 оқу мин Әлеумет Қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді дрон аямайды 17.05.2026 9949 Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 1 оқу мин Әлеумет Көлік тізгіндеген жасөспірім құрықталды 13.05.2026 23852 Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкент тұрғынына алаяқтар иемденбек болған 1,7 млн теңге қайтарылды 13.05.2026 11488