Әлеумет «1000 кітап – 1000 өлең» марафоны қорытындыланды Редактор 07.10.2023 14818 1 оқу мин Бүгінде кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта ауқымды іс шаралар өткізілуде. Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жас ұрпақты кітап оқуға баулу үшін облыстағы барлық балаға қызмет көрсететін кітапханашыларға арнап «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы аясында «1000 кітап – 1000 өлең» атты облыстық кітап оқу марафонын қолға алған болатын. Жыл басынан бастау алған кітап оқу марафонының І және ІІ кезеңі бойынша қорытынды шығарып, белсене қатысқандар арнайы дипломмен және сертификаттармен марапатталды. Бас жүлдені Мақтаарал аудандық балалар кітапханасы, І орынды Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы, ІІ орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы, ІІІ орынды Шардара аудандық балалар кітапханасы мен Кентау қалалық балалар кітапханасы иеленді. Сонымен қатар үздік эссе жазғандар да марапатталды. Бас жүлде Фаягель Ахлиуковаға, І орын Мейрамкул Алмуратоваға, ІІ орын Нұрбала Андакулова мен Айгүл Тасполтаеваға, ІІІ орын Нұргүл Әлмахан мен Нұргүл Қарқабатоваға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, бұл тек І-ІІ кезеңнің қорытындысы. Алдағы уақытта марафонның ІІІ кезеңі бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 1 оқу мин Әлеумет Алкоголь өнімін өткізу ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылды 15.09.2025 2382 Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 1 оқу мин Әлеумет Білім қызметкердері ІТ платформаларды жетілдіру жолдарын талқылады 14.09.2025 5031 Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 1 оқу мин Әлеумет Педагогтердің қаржылық сауаттылығын арттыруға арналған курс басталды 13.09.2025 6065