Әлеумет «1000 кітап – 1000 өлең» марафоны қорытындыланды Редактор 07.10.2023 24146 1 оқу мин Бүгінде кітап оқу мәдениетін насихаттау бағытында түрлі жұмыстар атқарылуда. Осы бағытта ауқымды іс шаралар өткізілуде. Түркістан облыстық Ы.Алтынсарин атындағы балалар кітапханасы жас ұрпақты кітап оқуға баулу үшін облыстағы барлық балаға қызмет көрсететін кітапханашыларға арнап «Ата-бабалар аманаты – елдік пен ерлік, бірлік пен ынтымақ» жобасы аясында «1000 кітап – 1000 өлең» атты облыстық кітап оқу марафонын қолға алған болатын. Жыл басынан бастау алған кітап оқу марафонының І және ІІ кезеңі бойынша қорытынды шығарып, белсене қатысқандар арнайы дипломмен және сертификаттармен марапатталды. Бас жүлдені Мақтаарал аудандық балалар кітапханасы, І орынды Бәйдібек аудандық балалар кітапханасы, ІІ орынды Қазығұрт аудандық балалар кітапханасы, ІІІ орынды Шардара аудандық балалар кітапханасы мен Кентау қалалық балалар кітапханасы иеленді. Сонымен қатар үздік эссе жазғандар да марапатталды. Бас жүлде Фаягель Ахлиуковаға, І орын Мейрамкул Алмуратоваға, ІІ орын Нұрбала Андакулова мен Айгүл Тасполтаеваға, ІІІ орын Нұргүл Әлмахан мен Нұргүл Қарқабатоваға бұйырды. Жеңімпаздарға арнайы диплом мен арнайы сыйлықтар табысталды. Айта кетейік, бұл тек І-ІІ кезеңнің қорытындысы. Алдағы уақытта марафонның ІІІ кезеңі бар. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 7016 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592