Әлеумет Үздік педагогтар бас қосты Редактор 08.10.2023 6344 1 оқу мин «М. Горький атындағы №1 мектеп- гимназиясы 2023 оқу жылының 6 қазан күні Түркістан облысының ұйдымдастыруымен «Ұстазыма мың алғыс» атты облыстық педагогтардың салтанатты жиынына мектебіміздің ұстазы республикалық сайыстардың жеңімпазы Макстуова Мадина қатысты. Облыстың үздік деген 300-ге жуық педагогы бас қосты. Бүгін 6 қазан Түркістан облысы ұстаздарына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысып, мұғалімдерге ақжарма ақ тілегін арнады. Облыс әкімі Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағымен 2 ардагер ұстазды, Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін 6 ұстазды мараппаттап 21 үздік мұғалімге алғыс хат берілді. Сондай-ақ 80 ардагер ұстазға облыс әкімінің гүл шоқтары мен сыйлықтары тапсырылды. Ынталандыру ретінде үздік деп танылған ұстаздар қауымына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Ардагер ұстаздарға тұрмысқа қажетті техникаларды да табыстады. Шара барысында өмірде ерекше оқиғаларға кездескен және өзінің жаңа қырларымен танылған ұстаздарымызбен облыс әкімі Дархан Сатыбалды сөйлесіп, ойларын бөлісті. Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарханда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 1 оқу мин Әлеумет Түркістанда 100-ге жуық отбасыға баспана кілті мен домбыра тарту етілді 05.07.2025 7189 Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 1 оқу мин Әлеумет Кәсіпкерден алған ақшаға мектеп салған: Білім басқармасының экс-басшысы 7,5 жылға сотталды 04.07.2025 6347 Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Шенділер 75 мың АҚШ доллары көлемінде пара беру кезінде ұсталды 03.07.2025 7522