Әлеумет Үздік педагогтар бас қосты Редактор 08.10.2023 11842 1 оқу мин «М. Горький атындағы №1 мектеп- гимназиясы 2023 оқу жылының 6 қазан күні Түркістан облысының ұйдымдастыруымен «Ұстазыма мың алғыс» атты облыстық педагогтардың салтанатты жиынына мектебіміздің ұстазы республикалық сайыстардың жеңімпазы Макстуова Мадина қатысты. Облыстың үздік деген 300-ге жуық педагогы бас қосты. Бүгін 6 қазан Түркістан облысы ұстаздарына арналған салтанатты жиын өтті. Шараға Түркістан облысының әкімі Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды қатысып, мұғалімдерге ақжарма ақ тілегін арнады. Облыс әкімі Түркістан облысының «Құрметті азаматы» атағымен 2 ардагер ұстазды, Түркістан облысына сіңірген еңбегі үшін 6 ұстазды мараппаттап 21 үздік мұғалімге алғыс хат берілді. Сондай-ақ 80 ардагер ұстазға облыс әкімінің гүл шоқтары мен сыйлықтары тапсырылды. Ынталандыру ретінде үздік деп танылған ұстаздар қауымына 200 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы берілді. Ардагер ұстаздарға тұрмысқа қажетті техникаларды да табыстады. Шара барысында өмірде ерекше оқиғаларға кездескен және өзінің жаңа қырларымен танылған ұстаздарымызбен облыс әкімі Дархан Сатыбалды сөйлесіп, ойларын бөлісті. Ұстаздар қауымы көтеріңкі көңіл күймен арнайы жайылған дастарханда қонақ болып, балалардың әзірлеген мерекелік концертін тамашалады. Өнерлі ұл-қыздар ән мен биден шашу шашты. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 1 оқу мин Әлеумет Шымкентте стример жауапкершілікке тартылды 13.08.2026 6417 Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 1 оқу мин Әлеумет Полициядан қашқан мас жүргізуші 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды 07.08.2026 7016 Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 1 оқу мин Әлеумет Алтын салынған сөмкені ұрлап кеткен… 07.08.2026 6592