Әлеумет Педагогикалық оқулар өтті Редактор 08.10.2023 33779 1 оқу мин «Білім бәсекесіне жетелейтін 5 қадам» атты мұғалімдер күніне арналған апталық жоспарға сәйкес барлық пән бірлестіктерінде “Шығармашыл ұстаз – білім мен тәрбиенің бұлағы» тақырыбында педагогикалық оқулар өтілді. Бүгінгі таңда инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу, әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын тиімді оқыту мен оқуға кіріктіру өзекті мәселелер болып табылады. Педагогикалық оқулар педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау, кәсіби жетілуін ынталандыру, қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Педагогикалық оқулардың басым бағыттары: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, қоғамдық- гуманитарлық бағыт пен жаратылыстану- математика бағыттары. Білім беру ұйымдарының базасында өтілген педагогикалық оқуларға Түркістан облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Молдашева қатысып, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша инновациялық шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген ұстаздар білім бөлімінің марапатына ұсынылды Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 7413 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 7408 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 8489