Әлеумет Педагогикалық оқулар өтті Редактор 08.10.2023 34672 1 оқу мин «Білім бәсекесіне жетелейтін 5 қадам» атты мұғалімдер күніне арналған апталық жоспарға сәйкес барлық пән бірлестіктерінде “Шығармашыл ұстаз – білім мен тәрбиенің бұлағы» тақырыбында педагогикалық оқулар өтілді. Бүгінгі таңда инновациялық педагогикалық тәжірибені жүйелеу, педагогикалық теориялар мен тәжірибелердің жаңа тәсілдерін енгізу, әлемдік білім беру кеңістігінің даму ағымдарын тиімді оқыту мен оқуға кіріктіру өзекті мәселелер болып табылады. Педагогикалық оқулар педагогтардың шығармашылық және инновациялық іс-әрекетін қолдау, кәсіби жетілуін ынталандыру, қазіргі педагогикалық технологияларды қолдану бағытындағы педагогикалық іс-тәжірибені таратудың инновациялық кеңістігін құру, қалыптастыру, орнықтыру мақсатында ұйымдастырылды. Педагогикалық оқулардың басым бағыттары: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш білім беру, қоғамдық- гуманитарлық бағыт пен жаратылыстану- математика бағыттары. Білім беру ұйымдарының базасында өтілген педагогикалық оқуларға Түркістан облыстық әдістемелік кабинет меңгерушісі Г.Молдашева қатысып, мұғалімдердің шығармашылық жұмыстарымен танысты. Педагогикалық оқулардың қорытындысы бойынша инновациялық шығармашылық жұмыстарымен ерекшеленген ұстаздар білім бөлімінің марапатына ұсынылды Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5522 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961