Әлеумет Мәнерлеп оқу байқауы болып өтті Редактор 08.10.2023 16764 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінде Тілдер шарасы орай ұйымдастырылған «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік 5-8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Байқау ұйымдастырушысы — орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ш.Ахмедова қызықты әрі тартысты байқау ұйымдастырып, оқушылардың сөздік қорының көбеюіне, ана тілімізбен қатар ресми тіліміз- орыс тілін жақсы меңгеруге қызығушылықтарын арттырды. Байқауға әділқазы алқалары қосымша білім беру педагогы Д.Муштаева, бейіндік ісі орынбасары И.Муратбекова және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Досаевалар төрелік жасап, жүзден жүйрік шыққан 7 «А» сынып оқушысы Тахирхан Балқия І- орынмен марапатталды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші оқушылардың шет тілдерін жетік меңгеруіне осындай байқаулардың пайдасы зор екендігі сөзсіз. Бұдан кейін, 8-10 сынып оқушылары арасында «Шәкәрім баба өсиеті» атты сайыс өтілді.Сайысқа жетекшілік еткен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Маханбет Толқын сайысты жоғары деңгейде өткізді. Жүлделі I- орынға ие болған 8 «а» сынып оқушысы Ескермес Нұрасыл келешекте шабытын шыңдап , тағы да талай биік белестерден көрінеді деп сенеміз! 2023-2024 оқу жылының басталуымен «Тілдер» апталығында жоспарға сәйкес, №15 Мағжан Жұмабаев мектебінде өткізілген ағылшын тілі пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында » Мен көп тілді білемін» атты қалалық байқауға мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Абдукадированың жетекшілігіндегі 10 «Б» сынып оқушысы Бексеитова Сарвиноз қатысып, 3-орынмен марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 1 оқу мин Әлеумет «Даму» Қорының «Заманауи кәсіпкер» атты тегін онлайн курсы! 24.11.2025 38642 «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 1 оқу мин Әлеумет «Өрлеу» бағдарламасы: мүмкіндігі мол, субсидияға жаңа балама! 24.11.2025 36674 «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 1 оқу мин Әлеумет «QMP Qazmedpribor»: Денсаулық сақтау саласының сенімді серіктесі! 24.11.2025 35637