Әлеумет Мәнерлеп оқу байқауы болып өтті Редактор 08.10.2023 18491 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сауран ауданындағы Әмір Темір атындағы жалпы орта мектебінде Тілдер шарасы орай ұйымдастырылған «Тіл мәртебесі- ел мәртебесі» тақырыбында орыс тілі мен әдебиеті пәнінен мектепішілік 5-8 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқу байқауы болып өтті. Байқау ұйымдастырушысы — орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Ш.Ахмедова қызықты әрі тартысты байқау ұйымдастырып, оқушылардың сөздік қорының көбеюіне, ана тілімізбен қатар ресми тіліміз- орыс тілін жақсы меңгеруге қызығушылықтарын арттырды. Байқауға әділқазы алқалары қосымша білім беру педагогы Д.Муштаева, бейіндік ісі орынбасары И.Муратбекова және орыс тілі мен әдебиет пәні мұғалімі М.Досаевалар төрелік жасап, жүзден жүйрік шыққан 7 «А» сынып оқушысы Тахирхан Балқия І- орынмен марапатталды. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» демекші оқушылардың шет тілдерін жетік меңгеруіне осындай байқаулардың пайдасы зор екендігі сөзсіз. Бұдан кейін, 8-10 сынып оқушылары арасында «Шәкәрім баба өсиеті» атты сайыс өтілді.Сайысқа жетекшілік еткен қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Маханбет Толқын сайысты жоғары деңгейде өткізді. Жүлделі I- орынға ие болған 8 «а» сынып оқушысы Ескермес Нұрасыл келешекте шабытын шыңдап , тағы да талай биік белестерден көрінеді деп сенеміз! 2023-2024 оқу жылының басталуымен «Тілдер» апталығында жоспарға сәйкес, №15 Мағжан Жұмабаев мектебінде өткізілген ағылшын тілі пәнінен 9-10 сынып оқушылары арасында » Мен көп тілді білемін» атты қалалық байқауға мектебіміздің ағылшын тілі пәні мұғалімі Д.Абдукадированың жетекшілігіндегі 10 «Б» сынып оқушысы Бексеитова Сарвиноз қатысып, 3-орынмен марапатталды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шетелдік турист Шымкентте әмиянын жоғалтып алған 1 оқу мин Әлеумет Шетелдік турист Шымкентте әмиянын жоғалтып алған 07.03.2026 6195 Мас жүргізуші майып қыла жаздады 1 оқу мин Әлеумет Мас жүргізуші майып қыла жаздады 20.02.2026 10755 ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 1 оқу мин Әлеумет ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНА НАУРЫЗЕК ҚҰСЫ ОРАЛЫП, БӘЙШЕШЕК ГҮЛДЕДІ 18.02.2026 10914