Әлеумет «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында ашық сабақ өткізілді Редактор 10.10.2023 18068 1 оқу мин Мұғалімнің біліктілігін сынайтын сәт ашық сабақ болса керек. Бұл сабаққа ұстаздар қауымы барын салып дайындалатыны белгілі. Бұл өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятса, екінші жағынан ұстаздың біліктілігін ұштай түседі. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» деп аталады. Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары — демографиялық өзгерістердің себеп- салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру. Сабақ барысында картамен жұмыс, сәйкестендіру, шығармашылық тапсырма, жұптық жұмыс орындалды. Берілген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Оқушылар сабақтан алған әсері туралы кері байланыс арқылы жеткізді. Алдағы уақытта осы сынды ашық сабақтардың көбірек өткендігін қалайтындықтарын жеткізді. Пәндік сабақ барысында ашық сабақтан алған көптеген мәліметтерді пайдаланатындықтарын айтып өтті. Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізген: педагог-модератор Есполатова Айгерім Анарбайқызы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет Қазақстандықтардан 40 миллион теңге бопсалады деген күдікпен жеті адам ұсталды 10.09.2026 7829 “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 1 оқу мин Әлеумет “Дубайға билет”: Ата-аналарды сан соқтырған ер адам ұсталды 10.09.2026 7685 Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 1 оқу мин Әлеумет Жол ортасында дрифт жасағаны үшін жүргізуші куәлігінен айырылды 08.09.2026 8600