Әлеумет «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында ашық сабақ өткізілді Редактор 10.10.2023 19808 1 оқу мин Мұғалімнің біліктілігін сынайтын сәт ашық сабақ болса керек. Бұл сабаққа ұстаздар қауымы барын салып дайындалатыны белгілі. Бұл өз кезегінде оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятса, екінші жағынан ұстаздың біліктілігін ұштай түседі. Жуырда Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданындағы Тастұмсық ауылдық округіндегі Тұрар Рысқұлов атындағы жалпы білім беретін мектебінде «Мектеп менің-Отбасым!» жобасы аясында 9 «Б» сынып оқушыларымен Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ тақырыбы: «Тың игеру жылдарындағы Қазақстан» деп аталады. Оқыту бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары — демографиялық өзгерістердің себеп- салдарлық байланысын талдау арқылы дәйекті қорытынды жасау, Кеңес үкіметі кезіндегі ауыл шаруашылығында орын алған өзгерістерге баға беру. Сабақ барысында картамен жұмыс, сәйкестендіру, шығармашылық тапсырма, жұптық жұмыс орындалды. Берілген тапсырманы оқушылар қызығушылықпен орындай білді. Оқушылар сабақтан алған әсері туралы кері байланыс арқылы жеткізді. Алдағы уақытта осы сынды ашық сабақтардың көбірек өткендігін қалайтындықтарын жеткізді. Пәндік сабақ барысында ашық сабақтан алған көптеген мәліметтерді пайдаланатындықтарын айтып өтті. Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізген: педагог-модератор Есполатова Айгерім Анарбайқызы. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды Әлеумет Шымкент көшелерінде кортеж ұйымдастырған 5 жүргізуші жауапкершілікке тартылды 18.11.2026 5522 Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 1 оқу мин Әлеумет Бір шаңырақ астындағы татулық: Алматы облысында Рухани келісім күніне орай ауқымды дөңгелек үстел өтті 15.10.2026 12054 Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 1 оқу мин Әлеумет Діни тұрақтылықты сақтау басты назарда: Алматы облысында ақпараттық-түсіндіру тобының мамандары оқытылды 25.09.2026 11961