Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі әрдайым оқырмандарды рухани демеу үшін ұдайы іс-шаралар ұйымдастырып отырады. 10 қазан — Мүгедектігі бар азаматтарды әлеуметтік қолдау күніне орай, Түркістан облысына қарасты Созақ аудандық «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы мен Созақ аудандық мәдениет, спорт, дене шынықтыру және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен «Елім деп соққан жұдырықтай жүрегім бар» атты іс- шара ұйымдастырылды. Аталған шараға «Белсенді ұзақ өмір және тең қоғам» әлеуметтік орталығының директоры Марат Әбілқайырұлы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебізін арнап, аудан әкімінің атынан сый-сыйапаттарды мереке иелеріне табыстады. Еліміз егемендік алған жылдардан бері мүмкіндігі шектеулі азаматтар назардан тыс қалған емес. Өмірдің қиын жағдайларына тап болған жандарға мемлекетпен қатар әр азамат қол ұшын созуға даяр. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Халық бірлігі және жүйелі реформалар-ел өркендеуінің берік негізгі атты Қазақстан халқына Жолдауында «Қазақстан-Әлеуметтік мемлекет». Сондықтан қиын жағдайға тап болған азаматтарға жан-жақты көмек көрсету басты міндеттердің бірі деп айтқан. Соған сәйкес 10 қазан — мүмкіндігі шексіз жандардың мерекесі болып белгіленіп, Қазақстанда жылда тереңінен ұлықталып келсе, біздің ауданымызда да бұл мереке қалыс қалмайды. Осы бағытта өткізілген іс — шарамызда қонақтарға арнайы ақ дастархан жайылып, тілектер сабақтастырылды. Сөз алғандар: Созақ ауданының Құрметті азаматтары Төлеген Аққұлиев пен Қасымжан Өміров, Созақ ауданының психологиялық — педагогикалық түзету кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесінің әдіскері Табризова Гүлмира, кітапхананың тұрақты оқырмандары Джуматаева Қалдыкүл, Тоқбаев Базарбай секілді қарияларымыз ақжарма ақ тілектерін арнап, ризашылықтарын жеткізді. Мерекелік іс — шараның көркін «Созақтың серілер» тобы бірнеше әсем әндерін тарту етіп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленді. Созақ ауданының Құрметі азаматты, Өміров Қасымжан көкеміз ақ батасын беріп, шараны қорытты. Өмірді сүйетін, өнерді сүйетін мүмкіндігі шексіз жандар, амандық пен саулықта жолығуға осындай күнді Алла бұйыртсын, рухани кеш жалғасын тапсын деп, ерекше көңіл күйде жылы тарқасты.