2023 жылдың 11 қазан күні Түркістан облысына қарасты Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдіскері Г.Оразбаеваның ұйымдастыруымен Төлеби атындағы негізгі орта мектебінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудағы инновациялық әдістерді қолдану арқылы білім сапасын арттыру» тақырыбында аудандық семинар өтті. Тіл саясатын дамыту бағытында қолға алынған жобаның нәтижесі жоғары болары анық. Семинардың мақсаты — білім алушылардың жазылым дағдысын қалыптастыру, ширату: сыни шығармашылық логикалық ойлау арқылы білім сапасын көтеру болып табылады. Семинарға білім беру ұйымдарынан қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері қатысты. Іс-шараны мектеп директоры Ақыл Сембаев ашып беріп, мектептің тыныс-тіршілімен, тарихымен таныстырды. Семинарда директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары әрі қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Салыбекова Н. 5-сынып оқушыларымен «Бесікке салу», Құлжанов Дулат 9-сынып оқушыларымен «Бала би мен Сырым», И.Рыбалко атындағы ЖОМ-нен 2 ұстазымыз десант сабағын өткізді. Атап өтер болсақ, Долбахова Қамар 7-сынып оқушыларымен «Ең басты байлық», Зейдуллаева Камшат 6-сынып «Тіршілікте құрыштай бол төзімді» тақырыптарында ашық сабақтарын өтті. Іс-шара соңында пән мұғалімдері кері байланыс беріп, сабақ өту кезінде нәтижеге бағытталған әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білгенін, сабақтың құрылымы дұрыс құрылғанын, сабақты бағалау, бекіту кезеңдері дұрыс жүргізілгенін айтып өтті. Жас мамандарға тәжірибе алмасу мақсатында өткізілген осындай тәжірибелік семинарлар өз жалғасын таба бермек.