Әлеумет Дарынды балаларды іріктеу шарасы жүргізілуде Редактор 14.10.2023 14958 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты барлық аудандарда дарынды балаларды іріктеу шарасы жүргізілуде. Яғни, Қазақстан және шетелдік алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарына түсу гранттарының иегері атану мүмкіндігіне қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған олимпиаданың аудандық кезеңі бүгін 14.10.2023 жылы Сайрам ауданында 4 аймақта, атап айтсақ №42 Фуркат, №93 Абылайхан, №13 А. Навой және № 18 Ә.Құрмантаев жалпы орта мектептер базасында болып өтті. «IQANAT» олимпиадасына қатысуға ниет білдіргендердің қатары өте көп. Олимпиаданың аудандық кезеңіне 1888 оқушыдан 1808 яғни 95,7 пайыз оқушы облыстық кезеңге өту үшін бақ сынады. «Айқанат» республикалық олимпиадасының басты мақсаты – Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу. Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық, танымдық, зияткерлік қызметті жандандыру;сауаттылық деңгейін арттыру;тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы ауыл оқушыларының қабілеттерін анықтау, қолдау және дамыту болып табылады. Сайрамдық дарынды балалар айтулы байқауда барын салды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 1 оқу мин Әлеумет Журналистің жоғалған көлігі бірнеше сағат ішінде табылды 09.07.2026 7470 Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 1 оқу мин Әлеумет Банк менеджері несие рәсімдеу арқылы миллиондаған теңге жымқырған… 03.07.2026 8651 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 1 оқу мин Әлеумет 2021 жылдан бері іздеуде болған әйел Түркиядан Қазақстанға депортацияланды 01.07.2026 9231