Тіл саясатын дамыту мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырылуда. Жуырда Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Максим Горький атындағы жалпы орта мектебінде, үш әдістемелік бірлестіктің ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл-ел мәртебесі» атты тіл фестивальі өтті. Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің, орыс тілі пәнінің және ағылшын тілі пәнінің мұғалімдері мен мектеп оқушылары қатысты. Тілдер мерекесіне орай, оқушылар ән-билері мен тіл туралы тақпақтарын дайындап келген. Өзге тілдің оқушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде өнерлерін көрсетті. Осы іс-шараны ұйымдастырған директор орынбасыры Курбаналиева Ф.М., үш тілдің ӘБ жетекшілері атап айтқанда қазақ тілі- Қаратаева Э. А., орыс тілі-Ким М.В , ағылшын тілі Мустафина Р.М және де аталған бірлестіктің мұғалімдері Нурсейтова К.М., Надирова Г.Ю., Ерходжаева А.А., Таутаева И.Б.,Саденова А.Х., Усипова К.Т. Камардинова Н. Х. дайындаған оқушылардың өнерлерін көрермендер тамашалады. Орыс тілі мен ағылшынды тілі бірлестігінің мұғалімдеріде оқушыларды жоғары деңгейде дайындаған. Фестивал аясында оқушылардың Мемлкеттік тілге деген құрметін, ағылшын тіліне деген қызығушылықтарын байқауға болады.