Ұлттық мәдениетті дәріптеу. №11 Колледж кітапханасында ата- аналар және студенттер арасында ,,Бір отбасы — бір кітап,, көркем әдебиеттерді оқу байқауы болып өтті. Кітап оқу дәстүрін қайта жаңғырту , оқырмандардың жан- дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастыру. Мақсаты – кітап оқу мәдениетін насихаттау, отбасылық кітап оқу дәстүрін жаңғырту, оқырмандардың жан дүниесінде рухани ізгілікті қалыптастырып, ата- анамен коледж арасындағы байланысты дамыту, оқырман отбасын анықтау болып табылады. Студенттерді кітап оқуға тартуға әсер ететін ең маңызды әрі басты институт ол отбасы. Студенттердің кітап оқуға деген көзқарасы, олардың оқырмандық мәдениетінің артуы, көп жағдайда отбасындағы ересектерден алған үлгіге байланысты екеніне ата -ананың көзін жеткізу мақсатында өтті. Оқу ордаларындағы кітапханалардың алдында тұрған басты мақсаттардың бірі – оқырмандардың оқу дағдысын қалыптастыруға, ақпаратқа қол жеткізуге , соның ішінде өзіне қажетті білімді іріктеп, таңдап алуға үйрету болып саналады. Колледж студенттеріне білімді орта құру арқылы ақпараттар көзінің мүмкіндіктерін аша отырып ақпараттық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәстүрлі кітапқа қызығушылықтың төмендеуі — әлемдік үрдіс, бұл жаңа технологиялардың қарқынды дамуынан, электронды кітап басылымдарының кең етек алуынан болып отыр. Оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығы азайды деп қарап отырмай мәдениеттің, тарихтың даму сатыларын үлгі ете отырып, қазақ әдебиетін сақтап қалудың, оқуға деген қызығушылығын арттырудың жолдарын қарастыру керек.