Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының негізгі экономикасын ауыл шаруашылығы құрайтыны белгілі. 2023 жылдың 3 айында жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 2,4 млрд.теңгеге жетті. Оның ішінде, өсімдік шаруашылығы 0,3 млрд.теңге, мал шаруашылығы 2,1 млрд.теңге, ауыл шаруашылық қызметі 52,1 млн. теңгені құрады. Нәтижесінде, нақты көлем индексі 99,8 пайызды құрады. Өткен жылы мақтааралдық диқандар 60,9 мың гектар жерге егістік ексе, оның 40,4 мың гектары мақта дақылына тиесілі. Аудан бойынша 106,7 мың тонна ақ алтын жиналып, орташа өнімділік26,5 центнерді құрады. Сонымен қатар, 19,2 мың тонна көкөніс, 398,3 мың тонна бақша өнімдері өндіріліп, шет мемлекеттерге 80% жуығы экспортталды. Одан бөлек, 16,7 мың тонна дәнді дақылдар жиналса, басқа да түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары өндірілді. 2023 жылдың 1-ші кварталында 400 млн теңге инвестиция, жаңа техника сатып алу есебінен тартылған. Аудан аумағында 60,9мыңга егістік алқап болса, оның 59,1мыңга айдалуы тиіс жер көлемі. Бүгінгі күнге 58,7мыңга жер айдалып, 46,9 мыңга жерге пал алынған. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2022 жылдың 12 айында 22,8 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 3 айында бұл көрсеткіш, яғни 3,6 млрд. теңгеге жетті. Өңдеу өнеркәсібінің өнім көлемі 2022 жылдың 12 айында 20,1 млрд. теңгені құраса, 2023 жылдың 3 айында 3,3млрд теңгеге жетті. Негізгі капиталға салынған инвестицияның көлемі 2022 жылдың 12 айында 22,5 млн. теңгені құраса, 2023 жылдың 3 айында 9,2 млн теңгені құрап отыр, тиісті кезеңмен салыстырғанда 92.0 пайызға орындалып отыр. Шағын және микробизнес ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық даму бағытында маңызды рөл атқарады. Яғни, тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етіп, жұмыссыздық деңгейін төмендетеді. 2022 жылдың 12 айында аудан кәсіпкерлері жеңілдетілген пайызбен «Ырыс» шағын несие ұйымынан 205,4 млн. теңге, «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы тарапынан 90 млн. теңге, «Жетісай несие» шағын несие ұйымынан 270,2 млн. теңге, «Атамекен-Түркістан» МҚҰ-ы тарапынан 11 млн. теңге несие алған. Сонымен қатар, 1100-тен астам азаматтарға кеңес, 788-тен аса сервистік қызметтер көрсетілді. Заң қызметі бойынша 145 кәсіпкерге заңгерлік қолдау көрсетілді