Экономика Ауылшаруашылық бөлімінің жайылымдарды басқару жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі қаралды Редактор 13.05.2023 13991 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Шардара аудандық мәслихатының төрағасы Арман Қарсыбаевтың төрағалығымен бірлескен тұрақты комиссиялар отырысы өткізілді. Тұрақты комиссия отырысына қала, ауыл округтерінің әкімдері және дербес бөлім басшылары қатысты. Күн тәртібінде 13 мәселе қаралды. Бұл мәжілісте депутаттардың қарауына ұсынылған 13 мәселенің негізгілері Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі. Аудан әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2022 жылға арналған қала, ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы жөніндегі есебі. Шардара аудандық мәслихатының 2022 жылғы 23 желтоқсандағы №24-149-VІІ «2023-2025 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы. Ақшеңгелді ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі. Сүткент ауылдық округі әкімінің өзіне жүктелген қызметтер мен міндеттердің іске асырылуы туралы есебі. Аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімінің жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды іске асыру қорытындылары туралы есебі қаралды. Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысында аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Б.Жетпісбаев, Ақшеңгелді ауылдық округінің әкімі С.Бейсенов, Сүткент ауылдық округінің әкімі Қ.Кенбай және аудандық ауылшаруашылық және жер қатынастар бөлімі басшысының орынбасары А.Мақанов хабарлама жасады. Хабарламашыларға депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Айтылған ұсыныстар назарға алынатын болды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 9986 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 8134 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 59162