Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті. Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары, мекеме басшылары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері қатысты. Мәжілістің күн тәртібінде 3 мәселе қаралды. Мәжілістің күн тәртібі бойынша облыс, аудан әкімдерінің хаттамалық тапсырмаларының және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмаларының орындалуы туралы, аудан тұрғындарын таза ауыз сумен қамтылуы және өзекті мәселелері туралы, Жемісті ауылдық округінің 2022 жылға атқарылған және 2023 жылғы жоспары туралы мәселелер қаралды. Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімшесінің басшысы Н.Қанатбаев және аудан әкімі аппаратының бас инспекторы Б.Утемисовтың хаттамалық тапсырмалар және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмалар бойынша баяндамалары қаралды. Күн тәртібіндегі келесі мәселе туралы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы М. Байгабулов елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі туралы баяндап өтті. Ауданның жалпы 34 елді мекен тұрғындары сапалы ауыз сумен қамтылып, оның ішінде 23 елді мекенге тәулігіне 24 сағат ауыз су беру қамтылған. Келесі кезекте, Жемісті ауылдық округінің әкімі Т.Азимбердиев ауылдық округтің есептік кезеңдегі атқарылған жұмыстары және ағымдағы жылдағы жоспарлары, округті дамыту жұмыстары туралы баяндап өтті. Мәжілісті қорытындылаған аудан әкімі, баяндамашыларға мәжіліс барысында бірқатар сұрақтар қойып, күн тәртібіндегі мәселелер кеңінен талқыланып нақты тапсырмалар беріп, көтерілген мәселелер тұрақты бақылауда болатындығын атап өтті.