Экономика Ауылшаруашылығы саласына берілетін жеңілдіктер жайы айтылды Редактор 20.05.2023 13380 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Сайрам ауданындағы Қарабұлақ ауылы бүкіл елімізге белгілі десек артық айтқандық болмас. Бүгінде Қарабұлақ ауылында мал бордақылаумен айналысатын шаруашылықтар көп. бүкіл елімізді етпен қамтамасыз етуге қауқарлы. Ауылдық округте мал шаруашылығымен айналысатындар басым. Алдағы уақытта дәл осы кәсіп түріне бет бұруға бейілдердің де қарасы қалың. Осыған байланысты ауылдық әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2023 -2025 жылдары ауылдарды дамыту, әсіресе ауылшаруашылығы саласына берілетін жеңілдіктер (субсидиялар), ағын су мәселелері, тамшылатып суару, мал шаруашылығын дамытудың жаңа тәсілдері, жылыжайлар құрылысы және 2-3 өнім алатын шаруаларға мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктер, ауылшаруашылық өнімдерді басқа өңірлерге сатуды ұйымдастыру және тағы басқа мәселелер бойынша Түркістан облысы ауылшаруашылық басқармасы тарапынан ауыл тұрғындарына насихаттау бойынша ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілерімен (диқандармен) кездесу өтті. Кездесуде ауылшаруашылық өнімдерін өндірушілер, ауылшаруашылық жерлерді табиғи тыңайтқыштармен тыңайтудың тиімділігін арттыру мақсатында «Қазверн» кооперативінің биогумус өнімдері туралы «Қазверн» кооперативінің Сайрам аудандық магистрі М.Халикулова диқандармен слайд арқылы таныстырды. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 9810 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 8070 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 59034