Түркістан облысының барлық аудандарында ағын суды тиімді пайдалану, су шығынын төмендету мақсатында ылғал үнемдеу технологиялары ендірілуде. Облыста 27,1 мың гектар алқапта су үнемдеу технологиялары қондырылған. Оның ішінде, 21 мың гектарға тамшылатып суғару технологиясы, 6,1 мың гектарға жаңбырлатып суғару машиналары орналастырылған. Облыста қарқынды бау шаруашылығы дамып келеді. Қазіргі уақытта, облыстағы қарқынды баулардың көлемі 4,7 мың гектар. Бұрын, баулардан гектарына 60-70 центнерден өнім алынатын болса, қарқынды баулардан өнімділік 5 есеге артып, 300-350 центнерге дейін өнім жиналуда. 2027 жылға дейін бұл көрсеткішті 8,2 мың гектарға дейін жеткізу жоспарлануда. Бұл облыс халқының алма өніміне қажеттілігін 3 есе қамтамасыз етуге мүміндік береді, сондай-ақ, елімізде алма экспортының әлеуетін арттыруға жол ашылады.