Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданында жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиені алу бойынша 7 мыңға жуық жастарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Оның ішінде 1500-ден астамы NEET санатындағы жастарды құрады. Сондай-ақ, жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар туралы 98 пост жарияланған. Осылайша ақпараттық-насихаттық жұмыстардың қорытындысы бойынша облыста Мақтаарал ауданы бірінші орында тұр. Жеңілдетілген 2,5 пайыздық несиені алу бойынша және жастарға арналған мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау бойынша құрылған мобильді топ 17 сәуірден бастап қазірге дейін кенттер мен ауылдық округтерде, оның ішінде елдімекендердің барлығында дерлік жастармен кездесулер өткізді. Аудандық мәслихаттың депутаты, ауданның «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Сүндет Кенжебаев жетекшілік ететін мобильді топтың құрамында жұмыспен қамту орталығының, жастар орталығының мамандары және кәсіпкерлік палатасының мамандары бар. Ашық форматта өткен жиындарда ауыл жастарының көкейде жүрген сұрақтарына нақты жауаптар беріліп, несиені алудың шарттары, оның ішінде қажетті құжаттар тізімі туралы кеңінен мәліметтер берілді. Мобильді топтың жетекшісі Сүндет Кенжебаев мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін толық пайдаланып, «ОАОО білім алуға бөлінген мемлекеттік гранттар», «Серпін», «Алғашқы жұмыс орны», «Жастар практикасы», «Жас кәсіпкер», «Бизнес бастау», «Дипломмен ауылға», «Қоғамдық жұмыстар», «Жасыл ел — жастар еңбек жасағы», «Студенттік құрылыс», «Дипломмен ауылға» бағдарламаларына қатысуға жастарды шақырды. Сонымен қатар, ауыл жастарына бос жүрмей жұмыс істеуе, өз бизнестерін бастауға кеңес берді. Осылай әрекет ету арқылы мемлекетіміздің экономикасына өз пайдаларын тигізе алатындарын жеткізді. Бүгінде ауданда кәсіп ашуға ынталы жастар жетерлік. Олардың басым бөлігі ауыл шаруашылығы саласын таңдап отыр. Ол үшін ауданда барлық мүмкіндік бар. Мал бордақылау кәсібіне ден қойғандардың да қатары қалың. Енді олар мемлекет тарапынан көрсетілетін жәрдемнен нәтиже шығарамыз деп құлшынып отыр. Айта кетейік, ауданның «Жастар ресуртсық орталығы» КММ-і тарапынан құрылған мобильді топ 12 бағытта жұмыс істеп, 2,5 пайыздық несиені және мемлекет тарапынан жастарға арналған бағдарламалар туралы ақпараттық-насихаттық жұмыстар жүргізді.