Бүгін Ошақты ауылдық округіне «Ауыл аманаты» пилоттық жобасын жүзеге асыру бойынша ауыл тұрғындарымен жиын болып өтті. Жиынға Түркістан облысы әкімі орынбасарының кеңесшісі Серикжан Нұрлан, «Ырыс» МКҰ» ЖШС директоры М.Мыңбаев және «Түркістан» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ басшысының орынбасары Н.Исаев, Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Джилкибаев, Келес ауданының ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Аширбаев, және Ошақты ауылдық округінің әкімі Н.Нархозиев қатысты. «Ауыл аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының кәсіп бастауына таптырмас мүмкіндік. Бұл мемлекет басшысының «2025 жылға дейінгі халықтың табысын арттыру» бағдарламасы аясында қолға алынған. Тиімділігі, жылдық мөлшерлемесі 2,5% құрайтын жеңілдетілген несие. «Ауыл аманаты» пилоттық жобасы аясында қаржыландыру бағыттары 8 топқа бөлініп, (Кооперация негізінде мал бордақылау алаңдарын құру, кооперация негізінде отбасылық сүт фермаларын ашу, жүнді бағытта қой шаруашылығын дамыту, отбасылық жұмыртқа, құс еті бағытындағы фермаларды құру, балық шаруашылығын дамыту, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану яғни жылына 2-3 рет өнім алу, фермерлік жылыжайды дамыту, кооперативтерді техникамен жабдықтау) іске асырылады. Сонымен қатар Ошақты ауылдық округі бойынша мал бордақылауға «Төрттүлік-2023» ауыл шаруашылығы өндірістік кооператив құрылып, қазіргі таңда 122 азамат мүше болған.Несие алуға ниет білдірген ауыл тұрғындарына 2,5% несиеге бір шама өзгерістер енгізілген атап өтіп, ауыл тұрғындарына құжаттарын ертерек заңдастырып, жобаға белсенділік танытуды сұрады.