Экономика Мал басы артып келеді Редактор 22.05.2023 5122 Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. Соған орай жылдан жылға мал басы саны артып келеді. Мұны мамандар мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан көмекпен байланыстырады. Ауданда ауыл шаруашылығын дамытуға арналған бағдарлама аясында асыл тұқымды мал өсіруді қолға алған шаруалар көбейе түскен. Жайылым жер де жетерлік. Мал ұстауға өте қолайлы. Созақ ауданы мал шаруашылығын дамытуға барлық жағдай бар. Осы ерекшелікті жергілікті шаруалар тиімді пайдаланып келеді. Сондай мекеменің бірі «Қанжарбек» шаруа қожалығы. 2005 жылы құрылған қожалық ет өндіру бағытын қолға алған. Мал басын көбейтіп, бордақылаумен айналысып келеді. Аудан бюджетін қомақтыландыруға да шаруа қожалығының қосып отырған үлесі қомақты. Әрі әлеуметтік салаға да көмек қолын созып отыр. Ауылдағы жұмыссыздықты жоюға да септігін тигізіп отырған жайы бар. Қазіргі таңда, мұнда 8 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Орташа жалақы мөлшері 150 мың теңгенің шамасында. Кәсіпкер алдағы уақытта тағы да мемлекеттік көмекке иек артпақ. Пайызы төмен несие алып, мал басын арттыруды көздеп отыр. Тәжірибе жинап малды қоңдату ісін бес саусақтай білетін шаруа кәсібінің аясын кеңейтпек. Мемлекет тарапынан дасалып жатқан мүмкіндікті пайдаланып, ісін ілгерілетіп отырғандар баршылық. Жалпы ауданда 330 мыңға тарта ұсақ мал, 15 мыңнан астам түйе, 25 мыңға тарта жылқы, 40 мың бас ірі қара бар. Мемлекеттік қолдаудың көмегімен бұл көрсеткішті арттыра түсу негізгі міндет дейді сала мамандары. Алдағы уақытта мемлекет тарапынан қолға алынған бағдарламалардың арқасында шаруа қожалықтары саны тағы да артатын болады. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА БИЫЛ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ӨНІМ КӨЛЕМІ 140 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖЕТКЕН 26.11.2024 1702 ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 1 оқу мин Экономика ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА БИЫЛ 36 МЛРД ТЕҢГЕДЕН АСТАМ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН 26.11.2024 1671 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 1 оқу мин Экономика САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА 23.11.2024 15012