Биылғы жылы Түркістан облысына қарсты Жетісай ауданындағы Жаңа ауыл ауылдық округінің Жаңа ауыл, Қарой, Ынтымақ, Атаконыс ауылдарының ауыз су жүйелерін салуға 1 млрд теңге, Мырзашөл, Атақоныс, Әбдіхалық елді мекендерінің газ құбырлары құрылысына 181,7 млн теңге, Жаңа ауыл, Достық ауылдық округтеріндегі елді мекендерге жеткізуші газ құбырын салуға 451,4 млн теңге, Жаңа ауыл, Ынтымақ, Атаконыс еелді мекендеріндегі жаңа құрылыстарын электрмен жабдықтау желілерін салу мен КТП орнатуға 499,4 млн теңге қаражат қаралған. Осы және өзге де өзекті мәселелер мен олардың шешілу жолдары аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытовтың Жаңа ауыл ауылдық округі тұрғындарымен өткен кездесуінде айтылды. Сондай-ақ, аудан әкімінің тапсырмасымен елді мекендерді су басу қаупінің алдын алу үшін арық-атыздар қазу жұмыстарына 5,2 млн теңге, Мырзашөл елді мекеніндегі мәдениет үйі мен спорт алаңшасын күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 7 млн теңге, Атақоныс елді мекеніндегі мәдениет үйін күрделі жөндеу үшін жобалау сметалық құжаттарын әзірлеуге 7,6 млн теңге, Әбдіхалық елді мекеніндегі спорт алаңшасын орнатуды бастауға 20 млн теңге, Ынтымақ елді мекеніндегі Алакөл, Баян сулу, Достық көшелерінің ағымдағы жөндеу (тас төсеу) жұмыстарына 4,3 млн теңге бөлінген. Ағын су ағатын каналдар да биыл тап тұйнақтай етіліп жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар, Серік Үсенұлы өткен кездесуде округ тұрғындары тарапынан көтерілген Мырзашөл ауылын табиғи газбен қамтамасыз ету, Жаңа ауыл ауылындағы ауыз су құбырын қалпына келтіру, Мырзашөл, Ынтымақ елді мекендеріндегі тік дренаждарды іске қосу, Бейбарыс көшесін жарықтандыру, Көрікті, Қалтұрсын қажы көшелерінің қиылысындағы су басатын жерлерді ретке келтіру, Атақоныс, Жаңа ауыл ауылдарындағы, Гагарин-Жетісай бағытындағы А-15 тас жолын орта жөндеуден өткізу секілді мәселелермен қатар Мырзашөл ауылынан жаңа мектеп ғимаратын салу, Т.Рысқұлов жалпы орта мектебіне қосымша ғимарат және спорт зал салу, Қарой ауылынан фельдшерлік акушерлік пункт салу, Мырзашөл ауылындағы мәдениет үйін күрделі жөндеуден өткізу бойынша айтылған өтініштердің орындалуына тоқталды. Тұрғындармен өткен кездесуден соң аудан басшысы жеке мәселелерімен келгендерді қабылдап, сұрақтарына жауап берді. Өтініштері мен ұсыныстарын бірге талқылады.