Түркістан облысына қарасты Кентау қаласының әкімдігінде Түркістан облысы бойынша статистика департаменті басшысының орынбасары Б.Балқыбеков және қала әкімінің орынбасары Ғ.Төлеповтың төрағалықтарымен статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру және осы бағыттағы заң талаптарын түсіндіру бойынша қала кесіндісінде мемлекеттік мекеме басшыларының, ауыл әкімдерінің және қала тұрғындарының қатысуымен кеңейтілген семинар өтті. Күн тәртібіне сәйкес облыстық статистика басқарма басшылары өз салалары бойынша баяндамалар жасады, атап айтқанда: Ауыл шаруашылығы статистикасының негізгі көрсеткіштерін қалыптастыру, өнеркәсіп статистикасының көрсеткіштерін қалыптасуы, құрылыс және инвестиция статистикасы, шағын және орта кәсіпкерлік көрсеткіштерінің қалыптасуы, әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамасын түсіндіру, Респонденттерге және әкімшілік дереккөздерге қатысты әкімшілік шаралар,ҚР ӘҚБтК 497 бап «Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу», 499 бап «Әкімшілік деректерді ұсыну тәртібін бұзу». Семинардың басты мақсаты қазіргі таңдағы статистикалық көрсеткіштерді қалыптастыру бойынша сапалы ақпараттармен бөлісу және осы бағытта Заң талаптарын түсіндіру. Бұдан бөлек, Кентау қаласының әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен қалалық құрылыс және сәулет бөлімінің жыл басынан бергі атқарған жұмыстар барысы тыңдалды. Бөлім басшысы О.Тындыбаев атқарылып жатөқан жұмыстар барысы мен атқарылатын жұмыстар жайында баяндады. Бүгінгі таңда, Кентау қаласы, Шұғыла мөлтек ауданының №6, №7, №8 көшелеріне инженерлік инфрақұрылым құрылысы жолдар, сыртқы сумен қамту, газбен жабдықтау, электр желілерін орнату жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, Ш.Уалиханов көшесі №133 мекенжайдан 1500 орындық және Шұғыла м/а, Әбілхайырхан көшесі №170 мекенжайдан 1500 орындық мектептерін салу бойынша қазіргі уақытта, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланған. Кентау қаласы, Қарнақ ауылында 300 орындық мәдениет үйінің құрылысына “Ауыл-Ел бесігі” бағдарламасы аясында бюджеттік өтінім жолданып, қаржы қаралуы күтілуде. Сондай-ақ қалада дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы нысанын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттары әзірленуде. «Сондай-ақ ағымдағы жылы Кентау қаласында 1800 га жерге егжей-тегжейлі жоспарлар әзірлеу, Қарнақ, Хантағы ауылының бас жоспарына өзгеріс енгізу, қала аумағына абаттандыру жұмыстарына эскиздік жобалар жасау жұмыстары жоспарланған», деді бөлім басшысы өз баяндамасында. Бұл тарапта жер қатынастары бөлімі тарапынан жұмыстар жүргізілетін болады. Жандос Қалмұрзаұлы бөлім басшысы мен бөлім қызметкерлеріне қаладағы әрбір құрылыс нысандарын бақылауда ұстап, қала келбетіне өзгеріс енгізетін жобалар ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ қала әкімдігі аппараты мамандарының бақылау жүргізу барысында жасалған сын-ескертпелер бойынша да бірқатар тапсырмалар жүктеді.