Бүгін Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданының басшысы Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округі, Жаскешу елді мекеніндегі Келес өзенінің суы арнасынан шығуы себебінен, жарлардың құлау мәселе бойынша аталған елді мекенге арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыс деңгейін тексерді. Жоғары ағысындағы арнасы тар және тік жарлы келген, төменгі ағысындағы арнасы кең. Ірі салалары Көкпарсай, Қаржансай, Ұялысай, Ащықарабаусай, т.б. Суы тұщы. Қар және жер асты суымен толығады. Қапыланбек ауылы тұсындағы көп жылдық орташа су ағымы 5,9 м3/с шамасында. Өзен суы бау-бақша, егін суаруға пайдаланылады. Түркістан облысы Қазығұрт, Келес аудандары арқылы ағып өтеді. Ұзындығы 241 км, су жиналатын алабының ауданы 3310 км2. Бастауын Қаржантау жотасының батыс беткейі мен Қазығұрт тауынан бастау алып, Шардара бөгеніне құяды. Осы күнге дейін аудан басшысы аталған мәселе бойынша ауылдық округ әкіміне су арнасының туралау үшін арнайы техникалық көліктері бар тұрғындармен бірге атқаруды тапсырған болатын. Бүгінгі таңда, Жаскешу елді мекенінде аталған мәселе бойынша қарқынды жұмыстар жүргізіліп, аудан басшысының тұрақты бақылауында.