Экономика Мал басын бірдейлендіру жұмыстары жүргізілуде Редактор 08.06.2023 11373 Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданы әкімінің орынбасары Азат Оралбаевтың төрағалығымен мал бастарын сәйкестендіру және ветеринария саласы бойынша өзекті мәселелер бойынша жиын өткізілді. Бүгінде Ордабасы ауданында мал басы көбейіп келеді. Мал бордақылаумен, етті, сүтті бағыттағы мал басын көбейтумен айналысып жатқан шаруашылықтар жетерлік. Төрт түлікті түрлі аурулардан сақтау үшін ветеринари саласының атқарып отырған шаруасы ауқымды. Аталған шараға Түркістан облысы Ветеринария басқармасы ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді ұйымдастыру бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Мырзаханов, “Ветеринариялық қызмет” ШЖҚ МКК бөлім басшысы Сапарбай Нұрболат және аудандық статистика басқармасының басшысы Манзура Алипдинқызы қатысып, бірқатар мәселелерді талқылап, жауапты мамандарға тапсырмалар берілді.с Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ТЕХНИКАЛАРЫ ҚҰРАСТЫРЫЛМАҚ 10.10.2025 7516 ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 1 оқу мин Экономика ОТЫРАР АУДАНЫНДА МАҚТА ТЕРІМ НАУҚАНЫ БАСТАЛАДЫ 23.09.2025 28681 Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 1 оқу мин Экономика Түркістанның табиғи өнімдері халықаралық нарыққа шығарылмақ 12.09.2025 41188