Экономика Қамбаға мол астық құйылмақ Редактор 10.06.2023 18421 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданының дихандары астық оруды бастап кетті. Биыл шаруашылықтар бидай мен арпадан мол өнім аламыз деп құлшынып отыр. Арнайы селекциялық ғылыми зерттеу институтынан тұқымның элиталық сортын алып еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған Ақтөбе ауылдық округіндегі «Дәурбек» шаруа қожалығы қазір егістіктің әр гектарынан 23-25 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Соның нәтижесінде биыл қамбаға мол дән құйылмақ. Аталған шаруа қожалығы 423 гектар аумаққа бидай еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. «Дәурбек» шаруа қожалығы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір 2 комбайн, 5 камаз, 1 трактор жұмыс істеуде. Орақта жүрген комбаиндардың дені шетелдік. Жаңа техникалардың артықшылығы көп. Бидайды ешбір ысырапсыз жинайды. Шанаққа түскен дәннің тазартылуы да жақсы Айта кетейік, биыл Келес ауданында 8 397 гектар аумаққа астық дақылдары егілсе, оның 1 830 гектары бидай, 5 138 гектары дәндік жүгері дақылдары себілген. Одан бөлек 407 гектар аумаққа бұршақты дақылдар егілді. Мемлекет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар май мен минералды тыңайтқыш та шаруаның қолына уақтылы тиді. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білудің арқасында аграрлы ауданның диқандары ендігі жерде егістіктің өнімділігін 2,5 есеге ұляғайтпақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории Тау туризмін дамыту — басты назарда 1 оқу мин Экономика Тау туризмін дамыту — басты назарда 05.03.2026 11338 ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 1 оқу мин Экономика ШЫМКЕНТТЕ АВИАЦИЯЛЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҚ САЛЫНАДЫ 27.02.2026 8970 Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 1 оқу мин Экономика Сарыағашта әлемге танымал «Кавендиш» банан сұрпы өсірілуде 24.01.2026 59657