Экономика Қамбаға мол астық құйылмақ Редактор 10.06.2023 7076 1 оқу мин Түркістан облысына қарасты Келес ауданының дихандары астық оруды бастап кетті. Биыл шаруашылықтар бидай мен арпадан мол өнім аламыз деп құлшынып отыр. Арнайы селекциялық ғылыми зерттеу институтынан тұқымның элиталық сортын алып еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. Агротехникалық талаптарды тиянақты атқарған Ақтөбе ауылдық округіндегі «Дәурбек» шаруа қожалығы қазір егістіктің әр гектарынан 23-25 центнерге дейін өнім жинап жатыр. Соның нәтижесінде биыл қамбаға мол дән құйылмақ. Аталған шаруа қожалығы 423 гектар аумаққа бидай еккен. Шаруашылықта жер жырту, тұқым себу және жерді өңдеу секілді жұмыстар дер уақтылы істелген. Соның арқасында қазір қырманға мол астық тасылып жатыр. «Дәурбек» шаруа қожалығы 30 адамды жұмыспен қамтып отыр. Қазір 2 комбайн, 5 камаз, 1 трактор жұмыс істеуде. Орақта жүрген комбаиндардың дені шетелдік. Жаңа техникалардың артықшылығы көп. Бидайды ешбір ысырапсыз жинайды. Шанаққа түскен дәннің тазартылуы да жақсы Айта кетейік, биыл Келес ауданында 8 397 гектар аумаққа астық дақылдары егілсе, оның 1 830 гектары бидай, 5 138 гектары дәндік жүгері дақылдары себілген. Одан бөлек 407 гектар аумаққа бұршақты дақылдар егілді. Мемлекет тарапынан берілетін арзан бағадағы жанар жағар май мен минералды тыңайтқыш та шаруаның қолына уақтылы тиді. Жердің бабы мен күн райының қолайлы кезеңін үйлестіре білудің арқасында аграрлы ауданның диқандары ендігі жерде егістіктің өнімділігін 2,5 есеге ұляғайтпақ. Добавить комментарий Отменить ответВаш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *Комментарий * Имя * Email * Сайт Сохранить моё имя, email и адрес сайта в этом браузере для последующих моих комментариев. Связанные истории САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 1 оқу мин Экономика САРЫАҒАШТЫҚ ОТБАСЫ ҮЙІНДЕ 50 МЫҢ ТҮП ГҮЛ ӨСІРЕДІ 11.02.2025 3747 ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 1 оқу мин Экономика ТҮРКІСТАНДА БОТАНИКАЛЫҚ БАҒЫ БАР «ЖАСТАР» САЯБАҒЫ АШЫЛДЫ 12.12.2024 239647 БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 1 оқу мин Экономика БӘЙДІБЕК АУДАНЫНДА ЖЫЛЫНА 200 МЛН ДАНА ЖҰМЫРТҚА ӨНДІРЕТІН ФАБРИКА ІСКЕ ҚОСЫЛМАҚ 29.11.2024 260292