Түркістан облысына қарасты Отырар ауданының әкімі Сәкен Сұлтанханов түс ауа Шәуілдір ауыл округінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Аудан басшысы алдымен үйіргелік жерде жылыжай ісін жандандырып отырған ауыл тұрғындары Убайдулла Тулепов пен Ханзада Аширбекованың шаруашылығымен танысты. «Қызсұлу апа» шаруашылығының иесі Ханзада Аширбекова тұрғын үйінің ауласындағы 0,16 га жерге салынған жылыжайға қызанақ ексе, Убайдулла Тулепов 0,11 га аумаққа қияр егіп, өз істерін дөңгелетіп отыр. Аудан әкімі үй ауласын жылыжайға айналдырып, кәсіптерінің жемісін көріп отырған ауыл тұрғындарының ісі өзге азаматтарға да үлгі болатынын айтып, кәсіп иелерінің еңбекқорлығына ризашылығын білдірді. Ауыл шаруашылығын дамытуға аз да болса үлес қосып отырған осындай еңбекшіл жандардың көбейетініне сеніс білдірді. «Еңбектің көзін тапса, еңбектенсе үйіргелік жерден үйдей табыс табуға болады»,-деді аудан әкімі. Мұнан соң аудан орталығындағы «Белсенді ұзақ өмір» әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында болып, Шәуілдір ауылының тұрғындарымен кездесті. Аталған орталық ардагерлердің бір сәт бой жазып, серігіп қайтатын демалыс орынына айналған. Ғимарат тұз шахтасы (тұзбен емдеу), медике кабинеті, автоматтандырылған түрлі массаж құрылғыларымен және арнайы психологиялық көмек көрсету кабинеті, кітапханамен қамтылған. Орталықта бір күнде 50 қызмет алушыға 14 маман әлеуметтік қызмет көрсетеді. Кездесу барысында ауыл қариялары Жұмахан Әбдіқадіров, Нармахан Намазбаев, Төреәділ Тұрабаев, Шаяхмет Серікбаевтар ауыл маңындағы «Отырар-2050» мекемесінің теңгеріміндегі пайдаланылмай жатқан жерді ауыл тұрғындарына уақытша мал жаюға беру, Д.Алтынбеков көшесінің бойындағы аяқжолды ұзарту, Т.Бозшабаев көшесін орта жөндеуден өткізу, ардагерлерге арналған «Белсенді ұзақ өмір» мекемесі орналасқан жерді мекеме баланысына беру секілді мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлерін жеткізді. Аталған мәселелерге жеке-жеке тоқталған аудан әкімі заң шеңберінде тиісті шешімдер қабылданатынын айтып, жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырма берді. Кездесу соңында Шәуілдір ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мырзахмет Темірбеков атқарылып жатқан жұмыстарға көңілі итолатынын айтып, ақ батасын берді. Кездесуден кейін аудан басшысы С.Асылханұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініштерін тыңдады.